Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

«Қорқып отырмыз»: Ақмола облысында жұрт жаңа мал қорымына қарсы шықты

Ақмола облысында Бестөбе кентінің маңындағы жаңа мал қорымы тұрғындардың ашуын туғызды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК-ға" сілтеме жасап.
Телеарнаның мәліметінше, нысанға ондаған миллион теңге жұмсалған. Оны ешкім күзетпейді, кез келген адам ішке еркін кіре алады.
Мал қорымының құрылысы былтыр басталған. Қазір жұмыс аяқталғанымен, нысанның жай-күйі жергілікті халықты шошытып отыр. Қақпалары ашық-шашық, тіпті ең қауіпті жері – мал өлекселерін тастайтын шұңқыр да жабылмаған. Жұртшылық бұл жер ауру таратқыш орынға айнала ма деп қауіптенеді.
Өңір жұртшылығы былтырғы сібір жарасының жаппай таралуын әлі ұмыта қойған жоқ. Маңайда мал өлекселері шашылып жатыр. Кейбірі ашық аспан астында әбден шіріп кеткен.
Шенеуніктер барлығын ретке келтіруге уәде беріп, ауыл тұрғындарын сабырға шақырды. Полигон маңында шашылып жатқан мал өлекселері жедел түрде жинап алынды.

«Қазір мал қорымы әлі пайдалануға берілген жоқ. Ауыл тұрғындарының өтінішін қанағаттандыру мақсатында қосымша тағы бір Беккари шұңқырын салуды жоспарлап отырмыз. Тұрғындар өлген малды тастаған аумақты тазарту және залалсыздандыру жұмыстары аяқталды», - деп түсіндірді Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Фархат Байқасов.


Бұған дейін Тараз шетінде зират пен мал қорымының қатар орналасуы қала тұрғындарының наразылығын тудырғаны туралы жазған болатынбыз. Өлген мал тасталатын шұңқырлардың айналасында бейіттер қаптап кеткен. Белсенділер адамдар жерленген жаңа қабірлерді анықтады. Олар мұндай көршілестіктің қауіпті екенін айтып, шара қолдануды талап етіп жатыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *