Күн салқындай бастағаннан-ақ адамға тұмау жиі «жабыса» бастайтыны рас. Әрине, дәріханалар тұмауға қарсы түрлі дәрі-дәрмекке толы. Бірақ, аталған ауруға қарсы емделудің әжелерімізден қалған әдіс-тәсілдерінің ішіндегі кейбірінің әсері дәрілерден кем түспейді. Тіпті, олар әлі күнге дейін белгілі.