Кәсіпкерлер палатасы штатын қысқарту арқылы 1 млрд теңге үнемдеген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы штатын қысқарту арқылы 1 млрд теңге қаржы үнемдеген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.