Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Трамптың Газа секторы жайлы бейбіт жоспарын мақұлдады. Ресей мен Қытай қалыс қалды

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Газа секторына қатысты АҚШ ұсынған бейбіт жоспар жөніндегі қарарды мақұлдады. АҚШ президенті Дональд Трамптың 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспарының екінші кезеңінде Газаны демилитаризациялау үшін Халықаралық тұрақтандыру күштерін құру және аумақты басқарудың өтпелі құрылымдарын қалыптастыру қарастырылған.

Қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 мемлекеттен 13-і қарарды қолдап дауыс берді. Өздерінің вето құқығын пайдаланбаған Ресей мен Қытай дауыс беру кезінде қалыс қалды.

Қарарда Палестина мемлекетінің құрылу перспективасы жайлы да айтылған. Араб елдерінің талабымен құжатқа енгізілген бұл тармаққа Израиль қарсы болды.

АҚШ өкілдері Халықаралық тұрақтандыру күштеріне бірнеше елдің әскери бөлімдері кіретінін айтты, бірақ нақты қандай мемлекеттер екенін әзірге нақтылаған жоқ.

Қарар қабылданғаннан кейін көп ұзамай палестиналық ХАМАС радикалды тобы (АҚШ пен Еуроодақта террорлық топ деп танылған) бұл құжатқа қарсы екенін мәлімдеді. ХАМАС жаңа қарар палестиналықтардың құқықтары мен талаптарын ескермейді деген уәж айтып, Трамптың жоспары "Газа секторына халықаралық қамқорлық тетігін күштеп таңуды көздейді, ал халқымыз бен оның қозғалыстары ондайды қабылдамайды" деп мәлімдеді.

ХАМАС сондай-ақ халықаралық күштерге Газада өзге міндеттермен қоса қарсылықты қарусыздандыру міндетін жүктеу оларды бейтарап болудан айырып, қақтығыстың бір тарабына айналдырады және "оккупацияны қолдауға мәжбүр етеді" деп есептейді.

Қарардың кейінгі нұсқасы бойынша, Халықаралық тұрақтандыру күштерінің негізгі міндеттерінің бірі – "мемлекеттік емес қарулы топтардың (олардың қатарына ХАМАС та жатады) қару-жарағын қолданыстан алу", оған қоса бейбіт халықты қорғау және гуманитарлық көмек жеткізу жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болмақ.

Газа секторы Израиль мен Египетпен шектесетіндіктен, халықаралық тұрақтандыру күштері бұл екі елмен өзара әрекет жасайтын болады. Бұған қоса, қарарда Газа секторында жаңа палестиналық полиция құру қарастырылған. Бұған дейін Газа полициясы ХАМАС-қа бағынышты болып келген.

Көптеген мемлекеттерде террористік ұйым деп танылған ХАМАС тобына мұндай талап қаруды тапсыруға барабар. Мұндай талап Трамп жоспарының бастапқы нұсқасында да болған.

Жоспардың бірінші кезеңі 10 қазанда басталған. Сол күні Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы келісім күшіне енді және ХАМАС тұтқында ұстап келген, тірі қалған израильдіктер палестиналық саяси тұтқындарға алмастырылды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *