Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жекеменшік үй бірінде шыққан өрттің салдарынан 12 адам қаза болды. Олардың тоғызы – бала. Төтенше жағдайлар қызметінің дерегінше, өрт болған жерден ес-түссіз табылған үш адам аурухана жеткізілген. Бұлардың барлығы – бір әулеттің адамдары.