Алматы облысындағы тасжолда жол апатынан төрт адам мерт болды
Алматы облысындағы тасжолда жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 5 желтоқсанда "Алматы – Көкпек – Көктал – Шонжы" тасжолының 80-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Audi A6 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысқан.
"ЖКО салдарынан екі жүргізуші және екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!