Отбасы. Бір өзіне бар асылды жинаған киелі сөз. Адам өміріндегі ең берекелі құндылықтардың бірі әрі бірегейі. Әрбір адамның дүниеге келген сәтінен бастап сүйенер, сенер, жан жылуын сезінер ортасы. Егер сипаттай берсең, айтарға сөзің жетпейді. Шынымен де, отбасы — өмірдегі ең үлкен байлық, адам баласының алғашқы тәрбие ошағы. Отбасы — тек қана бірге тұратын адамдар тобы емес, ол — мейірімнің, махаббаттың, өзара түсіністік пен қамқорлықтың бастауы. Қазақ халқы «Отан — отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Себебі әрбір тұлғаның мінезі, дүниетанымы, болашаққа деген көзқарасы ең алдымен отбасыда қалыптасады. Отбасының жылуы — баланың болашақ өміріне бағыт-бағдар беретін шамшырақ. Балаға алғашқы...