Жазғы демалысты қалай өткізуге болады?
Жаз оқушы үшін еркіндік. Күнде сабаққа бармайсың, тақтаға шықпайсың, бақылау
жұмысынан да тынығасың. Бірақ бұл кезең тек демалуға ғана емес, дамуға да берілген
үлкен мүмкіндік.Көп адам жазды ұйқы мен телефонға арнайды. Бірақ уақыт деген
көзге көрінбейтін байлық. Қалай өткізсең өмірің солай қалыптасады. Ал егер осы үш
айда өзің үшін пайдалы іс бастасаң, күзде өзіңді мүлде жаңа күйде қарсы аласың.
Жаз денсаулықты қалпына келтіретін кезең. Ерте тұрып серуенде, таза ауада тынық.
Бірақ тек демалыспен шектелме. Егер сен 10-сыныпты аяқтап жатсаң, қазірден
бастап ҰБТ-ға дайындалуға болады. Әсіресе бейіндік пәндерге ерте кіріссең, жыл
бойы өзіңді сенімді сезінесің.Сондай-ақ бұл уақыт өзіңді дамытуға таптырмас шақ....