Кванттық физика қарапайым тілде
Біз әр күн сайын ұялы телефон, теледидар қолданамыз, жарықты көреміз. Осы
қарапайым құбылыстардың артында көзге көрінбейтін, таңғажайып әлем бар. Ол
кванттық физика әлемі.“Квант” сөзі латын тілінен аударғанда “бөлік” деген мағына
береді. Физикада бұл энергияның, жарықтың және материяның ең кішкентай бөлшегі
деген ұғым. Кванттық физика заттардың өте кішкентай деңгейде: атом, электрон,
фотон сияқты бөлшектерде қалай жұмыс істейтінін зерттейтін ғылым.
Қарапайым тілмен айтқанда, біз күнделікті өмірде заттар тек бір уақытта бір жерде
ғана болады деп ойлаймыз.Ал кванттық физикада бір бөлшек бір мезетте бірнеше
жерде болуы мүмкін. Бұл адам сенгісіз болып көрінсе де, ғылым дәлелдеген
шындық.Бұрын жарық тек толқын деп есептелген. Алайда кванттық...