Қош бол, балалық!
1 маусым – Балалар күні. Бұрын бұл күн мен үшін ойын, тәттілер, шаттық болатын. Ал
қазір… мен 17 жастамын. Балалық шағым біртіндеп алыстап бара жатқанын сеземін.
Қазір өзімді өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басқан адамдай сезінемін. Бұл уақытты мен
балалық пен ересектік арасындағы көпір дер едім. Көпірдің дәл ортасында тұрмын —
артта тәтті естеліктері бар балалық, алда белгісіз, бірақ үмітті болашақ.Балалық
шағымды керемет естеліктермен, сезімдермен еске аламын. Қарапайым сәттердің өзі
ерекше көрінеді: мектепке асыға бару, алғашқы ұстаздың мейірімді жүзі, сыныптағы
күлкі, ойынға толы уақыттар…Енді алғашқы қоңырау мен үшін соғылмайды. Ендігі
мақсат — университетке қадам басу. Алайда, әр кезеңнің өз қуанышы мен...