Соңғы қоңырау сыңғыры
Жүректе қалған соңғы қоңырау да аяқталды. Бұл күн мен үшін жай ғана күнтізбедегі
бір күн емес, естен кетпес естелікке айналды. Таңғы күн сәулесіндей жарқыраған
достарым мен мұғалімдерімнің мейірімді жанары, мектеп ауласын толтырған қуаныш
пен қимастық — бәрі-бәрі 24-ші мамыр күні өткен соңғы қоңыраудан қалған естелік
болып қалды. Осы күнге дайындық кезінен бастағым келеді. Біз соңғы қоңырауда
сыныбымдағы қыздармен квартет болып «Мектеп» әнін шырқадық. Қазір ойланып
еске түсірсем, соңғы қоңырауға дайындалуға барғым келмей жүрген кездер — ең
керемет кездер екен-ау.
Атаулы күнге дайындық біздің мектепте сәуір айынан басталған болатын. Біз күн
сайын мектепке мерекелік көңіл-күймен келіп, сценарий жаттап, қалай жүріп, қалай...