Ақтөбе облысында жүк көлігі жүргізушілері жолды ақылы ету шешіміне қарсылық білдірді
30 мамыр күні Самара-Шымкент, Ақтөбе-Астрахань тас жолдарының Ақтөбе облысындағы бөлігінде жүздеген жүк көлігінің жүргізушісі жиналып, жолды ақылы ету туралы шешімге наразылық білдірді. Бұл туралы Азаттыққа Қандыағаш пен Хромтау бағытындағы тас жолдарда қарсылық акциясын өткізген көлік жүргізушілері хабарлады. Ақтөбе-Астрахань тас жолындағы наразылық акциясына қатысқандардың бірі Серік Кеңесбаев Қандыағаш қаласына таяу жолды бойлай 50 шақты жүк көлігі тұрғанын айтты. Оқиға орнынан жіберілген видеоларға қарағанда, көліктер жолды жаппаған. Читать дальше...