БҚО-да 931 мың гектар жер кері қайтарылды
![БҚО-да 931 мың гектар жер кері қайтарылды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170920173954.jpg)
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың игерілмеген жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысында 931 мың га жер қайтарылды. Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен, бос жатқан жерлерді игеру мен облыс орталығында тиімді бағамен азық-түлік өнімдерін ұсынатын жәрмеңкелер ұйымдастыру мәселесі талқыланған жиында БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Әлия Мұханбетжанова мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.