Қазақстан десе жүрегіміз елжіреп тұрады – Димаш жайлы күй шығарған Ресей қазағы
![Қазақстан десе жүрегіміз елжіреп тұрады – Димаш жайлы күй шығарған Ресей қазағы](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/10/12/201012181254076e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайбергеннің әлемде миллиондаған жанкүйерінің бары белгілі. Соның бірі ресейлік қандасымыз – Жанайдар Нұрсалиев. Ресей Федарациясы, Алтай өлкесіндегі Қосағаш елді мекенінде тұратын Жанайдар бұл күнде шәкірт тәрбиелеп, ұлттық өнерімізді насихаттап жүрген күйші. ҚазАқпарат тілшісі атажұрттағы ағайынның әрбір әр жетістігін өзінің қуанышындай көретін күйшімен сұхбаттасты.