Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

"Талибан" түрмесінен елуден астам адам босап шықты

Ауғанстан билігі Гельменд уәлаятындағы "Талибан" түрмесінен ондаған адамның босап шыққанын хабарлады. Олардың арасында қауіпсіздік қызметінің жұмысшылары мен бейбіт тұрғындар бар.


Нақты қанша адамның босап шыққаны бірден белгілі болған жоқ. 17 шілдеде уәлаят губернаторының өкілі Омар Звак "шілденің 16-сы кешке арнаулы жасақ Муса Кала ауданындағы түрмеге шабуыл жасап, 54 адам босап шықты" деген.


Оның сөзінше, тәліптер түрмесінен босап шыққандардың 32-сі – бейбіт тұрғын, 16-сы – полицей, қалғаны – төрт солдат пен екі әскери дәрігер.   




Звак "қауіпсіздік қызметі ауданды әлі бақылап тұрғанын" айтады.


Тәліптер "түрмеге жасалған шабуыл" жайлы ешбір комментарий берген жоқ. Бірақ Гельменд ауданының басым бөлігін бақылауында ұстайтын олар билік өкілдері мен қауіпсіздік қызметіне қарсы шабуылды күрт күшейтті.


Ауған билігінің өкілдері 16 шілдеде тәліптердің Құндыз ауданына жасаған шабуылынан кем дегенде тоғыз ауған әскері қаза тапқанын хабарлады. Аудандық кеңес мүшесі Мохммад Юсиф Аюбидің сөзінше, Имам Сахеба уәлаятының екі бақылау-өткізу пунктіне жасалған шабуылдан ондаған адам жапа шеккен.


Гельменд уәлаяты - Ауғанстандағы ең шеткі аймақтардың бірі. Бұл жердің 80 пайызын тәліптер бақылауында.


Associated Press агенттігі АҚШ-тың атын құпия сақтаған шенеунігіне сілтеме жасап, Вашингтон тәліптер мен Ауғанстан билігінің арасындағы 17 жылдық соғысты тоқтату туралы келіссөз ұйымдастыруға дайын екенін айтқан.


Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанда өткен айда атыс уақытша доғарылғанына қарамастан, алғашқы жарты жылда қаза тапқан бейбіт адамдар саны бойынша көрсеткіштің рекордтық деңгейге жеткені туралы хабарлаған. Жараланғандар саны бес пайызға азайғанымен, яғни 3430 адамға кемігенімен, қаза көрсеткіші бір пайызға өсіп, 1692 адамға жеткен.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *