Ресейдің Камчатка түбегінде қатты жер сілкініп, ізінше цунами жағалауды шайып өтті
Ресейдің Камчатка түбегінде қуатты жер сілкінісі болып, соның салдарынан цунами Камчатка жағалауларын шайып өтті. Үш метрлік толқын жөнінде ескерту Тынық мұхитының солтүстік бөлігінен бастап Калифорния тұрғындарына дейін жіберілген деп жазды BBC-дің Орыс қызметі. Камчатка өлкесінің денсаулық сақтау министрі Олег Мельников жер сілкінісінен бірнеше адам зардап шеккенін мәлімдеген. "Жүгіремін деп жарақат алғандар бар. Терезеден секірген науқас бар. Өкінішке қарай, жаңа әуежай аумағында болған әйел жарақаттанған. Читать дальше...