Тәжікстан ЕАЭО-ға қосылу мәселесін әлі талқылап жатыр
Тәжікстан экономикалық даму және сауда министрі Завки Завкизода Тәжікстанның Еуразия экономика одағына (ЕАЭО) қосылу мәселесін ведомствоаралық жұмыс тобы қарап жатыр деп мәлімдеді. Оның сөзін "Азия-Плюс" телеграм-арнасы келтірді. "Жұмыс тобы ғаламдық экономиканың ахуалын, әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуі және өзге де сыртқы факторларды ескере отырып жағдайды жан-жақты талдап жатыр. Бұған қоса, одақ елдеріне ұқсас елдердің тәжірибесіне де сүйенеді, кейін қорытындысын таныстырады" деді Завки Завкизода. Читать дальше...