Бішкектің Бірінші май ауданында митинг пен пикет өткізуге салынған тыйымның мерзімі тағы ұзартылды.
Бірінші май аудандық сотының баспасөз қызметі Азаттықтың Қырғыз қызметіне 30 қыркүйекте сот 2025 жылдың 1 қазаны мен 31 желтоқсаны аралығында наразылықтарға шектеу қою туралы аудан әкімшілігінің өтінішін орындағанын айтты.
2022 жылы наурызда Бірінші май аудандық соты Бішкектің Алатау алаңында, Еркіндік желекжолының бір бөлігі, парламент ғимараты маңы мен үкімет үйінің алдында, Тұрсынбаева саябағында митинг пен пикет өткізуге тыйым салған. Читать дальше...