Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бірге салайық: Жұмыссыз азаматтар тасқыннан зардап шеккен өңірлерге үй салыса алады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Бірге салайық!» атты жаңа жобаны іске қосты. Жұмыссыз азаматтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысу арқылы жұмысқа орналаса алады. Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге мүмкіндік бар. 

Ведомствоның мәліметінше, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «Бірге салайық!» жобасы шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыруды сүйемелдеу жөніндегі арнайы платформа әзірледі.

Бұл Enbek.kz электрондық еңбек биржасындағы жаңа модуль болады, осында жұмысқа орналасуға және өңірлерге тұрғын үй қоры мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектесуге ниет білдірген кез келген адам бос орындармен танысып, өзіне ұнаған кез келгеніне ынта білдіріп, әңгімелесуден өте алады. Қазіргі уақытта платформада 42 бос жұмыс орны бар.

«Бұл жобаның маңыздылығы сол, біз жұмыс табуға және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге қатысуға ниет білдірген әрбір адамды жедел жұмысқа орналастыру үшін цифрлық ортаны қамтамасыз етеміз. Қазіргі уақытта біз жұмыс берушілер базасын және бос жұмыс орындарын толықтырумен айналысудамыз. Өңірлер үшін кім-кімнің де қатысуы өте маңызды, өйткені, қазір білікті мамандар да, бейінді білімі жоқ мамандар да қажет екенін айта кету керек», – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарды жобаға қатысуға және зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге өз үлестерін қосуға шақырады!

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны салдарынан Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары мен инфрақұрылымы зардап шекті.

Сообщение Бірге салайық: Жұмыссыз азаматтар тасқыннан зардап шеккен өңірлерге үй салыса алады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *