Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандықтар шілдеде қосымша бір күн демалады

2025 жылғы шілдеде қазақстандықтарда қосымша бір күн демалу мүмкінгі болады. Tengri Life бос уақытты алдын ала жоспарлап, демалыс күндерін өткізіп алмау үшін ыңғайлы күнтізбе дайындады.2025 жылғы шілдеде қазақстандықтарды басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күніне орай ұзақ демалыс күндері күтіп тұр. Бұл мереке дәстүрлі түрде 6 шілдеде атап өтіледі және ел астанасының 1998 жылы Алматыдан Астанаға көшірілуіне арналған.
Жыл сайын бүкіл ел бойынша ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді. Әсіресе Астанада мазмұнды бағдарлама жоспарланған. Елордада концерттер, фестивальдер, жәрмеңкелері мен көрмелер ұйымдастырылады.
Астана күніне орай қазақстандықтар қалай демалады?2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді, осыған байланысты "Мерекелер туралы" заңға сәйкес демалыс күні дүйсенбі – 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтарды қатарынан үш күндік демалыс күтеді: 5, 6 және 7 шілде.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

5, 6 және 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) – демалыс күндері.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;6 және 7 шілде (жексенбі мен дүйсенбі) – демалыс күндері.

Tengrinews.kz/Серикболсын Алибеков2025 жылғы шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?2025 жылдың шілдесінде қазақстандықтар (5 күндік жұмыс аптасында) 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Ал 6 күндік жұмыс кестесіне сай жұмыс істейтін тұрғындар 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.
Шілдедегі кәсіби мерекелер
Шілдеде ресми демалыс күндері болып саналмайтын кәсіби мерекелерге де бар. Міне, маңызды даталар тізімі:

2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні;6 шілде (айдың бірінші жексенбісі) – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні;10 шілде – Ветеринария қызметкерлерінің күні;13 шілде – Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдарының күні;13 шілде (айдың екінші жексенбісі) – Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні;14 шілде – Нотариат күні;20 шілде (айдың үшінші жексенбісі) – Металлург күні;27 шілде (айдың төртінші жексенбісі) – Сауда қызметкерлерінің күні.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *