Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда АЭС құрылысын кім жүргізеді?

Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) кім салады деген сұраққа Атом энергиясы жөніндегі агенттік жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Росатом" – халықаралық консорциум көшбасшысы

Ресми хабарламаға сәйкес, Ресейлік "Росатом" компаниясы Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысын жүргізетін халықаралық консорциумның көшбасшысы болып таңдалды. Қазіргі уақытта "Росатомның" ұсыныстарына сәйкес, Ресей тарапынан мемлекеттік экспорттық қаржыландыру тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Бұған дейін француздық ядролық энергетика саласындағы Assystem инжинирингтік компаниясы АЭС құрылысын жүргізетін консорциум жетекшісін таңдауға арналған әдістемелік негізді жасап берген болатын.

Қысқа тізімге енгендер:

Агенттіктің мәліметінше, техникалық және коммерциялық ұсыныстарын ұсынған төрт ірі халықаралық компания "шорт-листке" енген:

"Росатом" (Ресей)China National Nuclear Corporation (CNNC) (Қытай)Électricité de France (EDF) (Франция)Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) (Оңтүстік Корея)

Компаниялар ұсынған материалдарда:

Құрылыс құнының болжамыЖобаның іске асу мерзіміҚаржыландыру моделдеріЖабдықтар мен құрылыс жұмыстарының жергіліктендіру деңгейіКадр даярлау және білім-ғылым әлеуетін дамытуЯдролық отын цикліндегі ықтимал серіктестікӘлеуметтік жауапкершілік мәселелері қарастырылған.

Талдау нәтижелері Атом саласын дамыту жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылып, Қазақстанға ең тиімді ұсыныс ретінде "Росатом" таңдаулы деп танылды. Екінші орын — Қытайлық CNNC, ал француз EDF пен корей KHNP үшінші орынды бөлісті.

АЭС салынатын нақты орын бекітілді

2025 жылдың ақпанында Қазақстанда АЭС салынатын орын ресми түрде бекітілді. Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған қаулыға сәйкес, Алматы облысы Жамбыл ауданы, атап айтқанда, Үлкен ауылы алғашқы АЭС салынатын мекен болып белгіленді.

2024 жылдың қыркүйегінде Tengrinews.kz тілшілері Үлкен ауылында болып, жергілікті халықтың АЭС құрылысына көзқарасын зерттеген еді.

Президент тапсырмасы: атом саласын кешенді дамыту

2025 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қорына атом саласын дамытудың ұзақмерзімді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Президент АЭС салатын орынды таңдау кезінде қауіпсіздік пен заманауи технологиялар, жан-жақты талдау және нақты стратегиялық көзқарас қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Тоқаев екінші АЭС салынатын орынды да анықтау үшін Үкімет пен Парламенттен ұсыныстар күтетінін айтты. Ол кезеңде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші станцияның біріншімен қатар салынуы мүмкін екенін жоққа шығармаған.

Кейінірек "Қазақстандық атом электр станциялары" компаниясының бас директоры Тимур Жантикин жоба бойынша қазіргі іске асу кезеңі жайлы ақпарат берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *