Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ауданның даму көрсеткіштері артып келеді

Брифингте аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков өнер­кәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үй, инвес­тиция, шағын және орта бизнес, инфрақұрылымдық құрылыс сынды салалар­дағы мемлекеттік бағдар­ламалардың жүзеге асыры­лу барысына тоқталды.
— 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша ауданда түрлі салалар бойынша оң динамика байқалды. Өнеркәсіптік өндіріс орындары 12,9 млрд. теңгенің өнімін өн­дірді, бұл өткен жыл­дың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1 млрд. теңгеге артық. Инвестиция көлемі 11,3 миллиард теңгеге жетті (өсім 234,9 пайыз), оның 85 пайызы жеке инвестициялар. Құрылыс жұмыстары 2,6 млрд. теңгеге (өсім 233,4 пайызға) орындалды. 7051 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 133,5 пайызға артық.
Төрт миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді (орындалуы – 102 пайыз), мал басының өсімі 7,1 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі 12145 гектарды құрады. Шағын және орта бизнес өкілдері 3823 субъектіден тұрады. Мемлекеттік қолдау аясында 127 миллион теңгенің жо­балары жүзеге асырылуда, — деген аудан басшысы мұнан соң өңірде іске асып жатқан ең ірі жобаларды атады.
— Қазіргі таңда «Talas Investment Company» ЖШС 300 жаңа жұмыс орнын ашу арқылы өндірісті кеңейтуде. Сонымен қатар «Karatau chemicals» ЖШС-нің құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Ал, мәрмәр өндіретін «Asia NST» кәсіпорны іске қосылып, 12 адам жұмыспен қамтылды. «Жамбыл Недр» ЖШС аумағында қуаттылығы 400 тоннаға дейін 1 және 2 сортты әктас шығаратын зауыты құрылысының инвестициялық жобасы басталды.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында ұсынылған 48 жобаның 29-ы 197,4 миллион теңгеге қолдау тапты. Бұл жылыжай шаруашылықтары, наубай­хана, құрылыс материал­дарын өндіру және қызмет көрсету саласы. Аудан аумағындағы 17 елді мекен газдандырылды. 2027 жылға қарай бұл көрсет­кішті 100 пайызға жеткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда төрт ауылға газ тарту жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 12 көшені жөндеу, сондай-ақ мәдениет ошақтарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және инвестиция тарту жұмыстарының нәтижесінде барлық негізгі бағыттар бойынша өсім байқалады. Бүгінде ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуы тұрақты. Тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, барлық маңызды салаларды дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді, – деді аудан әкімі сөз соңында.

Сообщение Ауданның даму көрсеткіштері артып келеді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *