Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады — Үкімет басшысы

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов бельгиялық Sarens компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Людо Саренспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Онда «Нұр жолы» өткізу бекетінің айналма жолын салу жоспарлары талқыланды. Ынтымақтастықты, оның ішінде машина жасау саласында кеңейту перспективалары қаралды.

— Жоба шекара маңы инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыруға және қолданыстағы көлік ағындарына жүктемені азайтуға бағытталған. Салмағы 100 тоннадан асатын ірі габаритті жүктерді өткізуге арналған ұзындығы 3,2 шақырым және ені 12 метр айналма жол салу, сондай-ақ ауданы 81,6 га көліктерге арналған тұрақтар салу жоспарланып отыр. Қосымша автожол көпірін салу, тиісті инфрақұрылымды орнату қарастырылған. Барлық нысан компанияның жеке инвестициялары есебінен салынады, оның жалпы құны шамамен $50 млн-ды құрайды, — делінген хабарламада.

Олжас Бектенов жобаның Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерге сәйкес, еліміздің көлік логистикасын, сауда және транзиттік әлеуетін дамытудағы маңыздылығын баса айтты. Sarens компаниясының тәжірибесі мен құзыреттерін ескере отырып, локализациялау деңгейі жоғары машина жасау саласында одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктері атап өтілді.

Кездесу соңында тараптар айналма жол салу жобасын жүзеге асыруға өзара мүдделілігін жеткізіп, ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендерін білдірді.

Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдарға жобаны уақтылы жүзеге асыру үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Бұдан бұрын Үкімет еліміздің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсатына қол жеткізу жөніндегі 2025–2026 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын бекіткені белгілі болды.

Сообщение Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады — Үкімет басшысы появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *