Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Таза Қазақстан“: баскетболдан әлем чемпионатының қатысушылары Астанада ағаш отырғызды

Ментальды дамуы шектелген жандарға арналған баскетболдан Virtus World Championship Astana 2025 әлем чемпионатына қатысушы спортшылар мен жаттықтырушылар "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысып, елордада ағаш отырғызды, - деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Еске салсақ, 10-22 маусым аралығында Астанада Қазақстан тарихында бірінші рет ментальды дамуы шектелген спортшылар арасында баскетболдан Virtus World Championship Astana 2025 әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл жарысқа 11 елден 170 адам жиналды.

Аустралия, Польша, Италия, Франция, Венесуэла, Португалия, АҚШ, Испания, Израиль, Жапония және Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары мен жаттықтырушылары "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына қосылып, елордадағы Триатлон паркінде ағаш отырғызды.


"Ағаш отырғызу акциясы әлем чемпионатының қатысушылары үшін естелік әрі маңызды іс болды. Бұл іс-шара ментальды дамуы шектелген жандарға арналған спорттың дамуына және осындай шаралардың маңыздылығына назар аударуға мүмкіндік берді. Акцияға қатысушылар жылы лебіздерін білдірді. Акцияны ұйымдастырушы ретінде Ментальды дамуы шектелген спортшыларға арналған республикалық федерация және Қазақстан баскетбол федерациясы, Спорт және туризм министрлігі, Астана қаласының әкімдігі қолдау көрсетті", – деп хабарлады "Ментальды дамуы шектелген спортшылар федерациясы" даму департаментінің директоры және елордадағы IDsport федерациясының басшысы Динагүл Мырзахметова.

Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *