Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада балаларға арналған жаңа ойын алаңы мен скейт-саябақ ашылды

Астана қаласындағы Ы.Дүкенұлы көшесі мен Республика даңғылының қиылысында орналасқан жаңа балалар ойын алаңы мен скейт-саябақ қала тұрғындарының үлкен қуанышына айналды. Қоғамдық кеңістікте бой көтерген бұл нысан – тек ойын алаңы ғана емес, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған жарқын, қауіпсіз және заманауи ортаның үлгісі, - деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Алаңда скейт-саябақ пен түрлі ойын кешендерімен қатар, балалар мен ересектердің дене шынықтыруын дамытатын спорттық құрылғылар да орнатылған. Бұл – салауатты өмір салтын бала жастан қалыптастыру мен қала тұрғындары арасында кеңінен насихаттауға бағытталған нақты қадам.

Аудан тұрғыны Сәрсенбай Әбіл өз ризашылығын былай жеткізді:

"Балаларға арналған жаңа ойын алаңы – көздің жауын алатын көркем туындыға айналыпты. Бұған дейін де бұл жерде ойын алаңы болған десек те, дәл осындай тартымды, заманауи кейіпке енбеген еді. Қала және аудан әкімдіктеріне зор алғысымызды білдіреміз. Жөндеу жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, балаларға қуаныш сыйлағандарыңыз – шынайы жанашырлықтың көрінісі. Мұндай игі іс – өскелең ұрпаққа деген қамқорлықтың нақты белгісі деп білеміз. Барша жауапты мекемелерге мың алғыс!" – деді.


Мұнда балаларды жарақаттан қорғайтын қауіпсіз жұмсақ төсеніш төселіп, кең заманауи скейт алаңы орнатылған. Жүгіретін арнайы жол жасалған. Спорттық тренажерлар қойылған. Сырғанақтар кешені де қарастырылған. Көлеңке беріп тұрған ағаштар отырғызылған. Тынығып демалу үшін көше орындықтары да барынша қолайлы етіп жасалған.
Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Жалпы, биыл қала бойынша 180-нен астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланып отыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *