Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бес жасар баланы балабақшадан шығару заңды ма? Министрлік жауабы

Қазақстанда жылдың аяғына дейін 6 жасқа толатын балалар міндетті түрде 1-сыныпқа қабылдануы тиіс. Оқу-ағарту министрлігі неге көрсетілген жас санатындағы балаларды ата-анасының өтініші бойынша да балабақшада қалдыруға болмайтынын және қандай жағдайларда ерекше рұқсаттар берілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz редакциясына Астана тұрғыны хабарласып, бес жастағы ұлын мемлекеттік балабақшаға орналастыру кезінде қиындық туындағанын айтты.

"Үш жасынан бастап ұлымыз жеке балабақшаға барып жүрді, бірақ басқа ауданға көшіп барған соң, тереземіздің түбіндегі мемлекеттік балабақшаға ауыстыруды шештік. Бос орын "тауып" қалдық, бәрі заңды түрде болды. Бірақ балабақшаға барған кезде, бізге ұлымызды тек 1 тамызға дейін ғана қабылдай алатындарын айтты. Себебі қазанның аяғында ол 6 жасқа толады. Бірақ бала мектепке баруға дайын емес болса не істейміз?" – деп сұрады астаналық ана.

Осыған байланысты редакция Оқу-ағарту министрлігіне ресми сауал жолдады. Ведомство мемлекеттік балабақшаларға 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар қабылданатынын түсіндірді.

"Осы күнтізбелік жылда 6 жасқа толатын балалар мектепке дейінгі ұйымдарға және мектептердің мектепалды сыныптарына қабылданбайды. Олар дайындық деңгейіне қарамастан, міндетті түрде 1-сыныпқа қабылданады", – деп мәлімдеді министрліктің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Сондай-ақ, ол сол жылы 6 жасқа толатын балалар жыл сайын 1 тамызға дейін балабақшадан шығатынын атап өтті. Тек психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның (ПМПК) мектепке баруды кейінге қалдыруға рұқсат беретін қорытындысы бар балаларға ғана ерекшелік болады.

"Күнтізбелік жылы 1 жасқа толатын балалар – сәбилер тобында, 2 жас – кіші топта, 3 жас – ортаңғы топта, 4 жас – ересек топта, ал 5 жас – мектепалды дайындық тобында тәрбиеленеді", – деп қосты ведомство.

Осылайша, егер бала күнтізбелік жылдың аяңына дейін 6 жасқа толса, ата-анасы баланың мектепке дайын емес екенін айтса да, ол мектепке қабылдануы тиіс.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *