Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда жаңа мереке және демалыс күні: Еңбек министрлігі ұсынысты қолдады

Қазақстанда жаңа мемлекеттік мереке мен демалыс күні пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің депутаттық сауалға берген жауабында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Депутат ұсынысы
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан 1 маусым – Балаларды қорғау күніне мемлекеттік мереке мәртебесін беруді ұсынған болатын.

"Балалар – ел болашағының негізі әрі стратегиялық ресурсы. Олардың қауіпсіз, салауатты және жан-жақты дамуы үшін жағдай жасау мемлекеттік саясаттың басты басымдығы болуы тиіс. Осы тұрғыда Балаларды қорғау күнін мемлекеттік деңгейде мереке ретінде атап өтуге көшу аса маңызды", – деді Кенжеғұл Сейтжан.

Сондай-ақ, депутат Қазақстанда демалыс күндерін реттейтін жаңа ережелер енгізуді ұсынды. Атап айтқанда, демалыс күндерін ауыстыру кестесін екі жыл бұрын бекітуді қажет деп санайды. Мысалы, биылдың өзінде 2027 жылдың аяғына дейінгі демалыс күндерін бекітуге болар еді. Бұл бизнестің ұзақмерзімді жоспар құруына, ал азаматтардың демалыс пен отбасылық шараларды алдын ала жоспарлауына мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдардың ұстанымы
Депутаттық сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді. Демалыс күндерін ауыстыру кестесін екі жыл бұрын бекіту ұсынысы қолдау таппады.

"Демалыс күндерін ауыстыру алдағы күнтізбелік жылға алдын ала жүзеге асырылады. Бұл мереке мен жұмыс күндерінің сәйкес келуіне, сондай-ақ елдегі экономикалық, саяси немесе санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жеке-жеке анықталады. Осыған байланысты демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстырудың қолданыстағы тәртібі оңтайлы деп санаймыз", – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың қолы қойылған жауапта.

Ал 1 маусымға мемлекеттік мереке мәртебесін беру ұсынысы министрлік тарапынан қолдау тапты.

"Бұл мереке ата-аналар мен балаларға бірге уақыт өткізуге, мәдени, тәрбиелік және қоғамдық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл баланың психоэмоциялық жай-күйіне оң әсер етіп, отбасының жанында өзін қауіпсіз сезінуіне ықпал етеді. Жоғарыда айтылғандарды және елімізде отбасы институты мен отбасылық құндылықтарды нығайту мақсаттарын ескере отырып, 1 маусымды Балаларды қорғау күні ретінде мемлекеттік мереке етіп белгілеу мүмкін деп санаймыз", – деп хабарлады министрлік.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *