Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Алтын Шипагер“: Астанада үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Медицина қызметкерлері күніне орай "Алтын Шипагер" атты салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Медицина қызметкерлерін ұлықтау рәсімі "Медицина – ұрпақтар жалғастығы арқылы күшейеді" деген ұранмен өтті. Бұл – өз мамандығын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан жанұяларға деген құрмет пен ризашылықтың белгісі. Медицинадағы еңбек әулеттері – кәсіби білім мен тәжірибені ұрпаққа жеткізудің, іске деген адалдық пен мамандыққа деген шынайы махаббаттың көрінісі.

Іс-шараға елордалық медицина қызметкерлері, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, Парламент пен қалалық мәслихат депутаттары және салалық ұйым өкілдері қатысты.

"Құрметті әріптестер, баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтаймын! Осы тамаша күні әрқайсыңызға жұмыстарыңызда табыс тілеймін. Ең бастысы – денсаулық пен күш-қуат. Өйткені біз бүгінде дені сау ұлтты, болашақ мықты мемлекетті қалыптастырып жатырмыз", – деді өз құттықтауында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.


Бүгінде елорданың денсаулық сақтау жүйесінде шамамен 11 мың медицина қызметкері еңбек етіп жүр. Қала әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов олардың ерен еңбегінің арқасында Астанада медициналық көмектің қолжетімді әрі сапалы болып келе жатқанын атап өтті.

"Сіздердің еңбектеріңіз – бұл өмір үшін, денсаулық пен болашақ үшін күрес. Қолдарыңыз ем береді, сөздеріңіз жұбатады, сеніміңіз күш береді. Ал бұл мамандық – ерлік, төзім мен үлкен жүректі қажет етеді. Елорда тұрғындарының атынан сіздерге шын жүректен алғыс айтамын. Денсаулық, бақыт пен айналаңыздағы адамдардың құрметі әрдайым серігіңіз болсын. Үйлеріңізде жылулық пен махаббат, кәсіби қызметтеріңізде абырой мен табыс болсын", – деді ол.

Кәсіби мереке аясында еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына зор үлес қосқан медицина қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері "Еңбек ардагері", "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" және "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі" медальдарымен марапатталды.
Суреттер: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ 20-дан астам денсаулық сақтау саласының маманы алғыс хаттармен, дипломдармен және төсбелгілермен марапатталды. "Алтын Шипагер" сыйлығының жеті аталымы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы мүсіншелер табысталды:Сыйлық аталымдары:

"Медицина флагманы" – қалалық медициналық ұйым;
"Тірі аңыз" – еңбек ардагері, тәлімгер;
"Медицинаның үміті" – жас маман;
"Жедел жәрдем қаһарманы" – жедел медициналық көмек қызметкері;
"Мейірімді мейірбике" – мейірбике;
"Алтын стетоскоп" – үздік дәрігер;
"HealthTech-көшбасшы" – қалалық медициналық ұйымның үздік басшысы.

Мерекелік кештің атмосферасын Ардақ Балажанова, Бауыржан Исаев, Дастан Оразбеков, Елена Ганжи, Ибрагим Ескендір және басқа да танымал қазақстандық өнерпаздар қатысқан концерт арттыра түсті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *