Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада JasylFest экофестивалі өтті

Астанадағы "Жетісу" саябағында республикалық "Таза Қазақстан" акциясы аясында Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының ұйымдастыруымен JasylFest атты екінші экологиялық фестиваль өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Фестиваль StopMusor әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылып, елорда тұрғындары мен қонақтарының назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жауапты тұтыну дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді.

Іс-шара қонақтары қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз тұрмыстық химияны гринвошингтен қалай ажыратуға болатынын үйренді, эко-сөмкелерді әрлеуді меңгеріп, жауынқұрты көмегімен компост жасау технологиясымен танысты.
Сонымен қатар, биологиялық ыдырайтын бір реттік ыдыс жасау аймағы ерекше қызығушылық тудырды.

Фестиваль алаңында киім-кешек, кітаптар мен ойыншықтар қабылданатын дармарка және қайта өңдеуге арналған қалдықтарды жинау пункті жұмыс істеді. Қатысушылар макулатура, әртүрлі пластик түрлері, шыны, мата, батарейкалар, электронды қалдықтар, мерзімі өткен дәрі-дәрмектер мен қолданылған өсімдік майын, т.б. заттарын тапсырды. Сонымен қатар, жануарлар үйіне арналған заттарды – ескі сүлгілер, көрпелер мен төсек жабдықтарын жинау бөлек ұйымдастырылды.

Балалар үшін анимациялық бағдарламалар мен сыйлықтар таратылатын викториналар өткізілді.

"Біз қарапайым экологиялық әдеттердің күнделікті өмір салтына қалай айнала алатынын іс жүзінде көрсеткіміз келеді. Бүгінгі фестиваль – жай ғана акция емес, табиғатты қорғауды өмір нормасына айналдыратын жаңа ұрпақ тәрбиелеуге қосқан үлесіміз", – деді Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы басқармасының төрайымы Айгүл Сағадибекова.

Суреттер: Астананың баспасөз қызметі
Жергілікті тұрғындар да бұл бастаманы қолдады.

"Осындай шаралардың қаламызда өткізіліп жатқаны өте қуантады. Қалдықтарды сұрыптау экологияға ғана емес, денсаулығымызға да оң әсер етеді. Бұл – өсіп келе жатқан ұрпақ үшін тамаша үлгі", — дейді астаналық тұрғын Әйгерім Әбілова.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *