Шайды XIX ғасырдың ортасына дейін дүние жүзіне Қытай өзі ғана сатып келді. Қытайлықтар шай өндіру сырын жібек, фарфор, дәрі өндіру құпиясын жасырғандай керемет ұқыптылықпен басқа халықтардан жасырды. Бірақ, осы шайдың сырын үйренуге көпшілік құлшынып отыр еді. Бір ағылшын кәсіпкері шай сатушы қытайға көп ақша беріп шай әзірлеудің технологиясын үйреніп алады. Бұл – қытайларды шай сатудан түсетін орасан зор пайдадан айырды. Десе де шайдың отаны Қытай болып саналады. Біз шай деген атауды солтүстік (Пекин) диалектісі бойынша «ча» атауынан алсақ, француздар «тэ», ағылшындар «ти» деген атауды оңтүстік қытай диалектісінен алған.
150 жыл бұрын еуропалықтар шайды қытайлардан сатып алып келді. Шайға сұраныс артқан...