Цифрлық дәуір жастары: басқарманың медиасаясаты
XXI ғасыр – ақпарат пен технологияның ғасыры. Қазіргі қоғамда кім ақпаратты шынайы, жедел әрі тартымды түрде жеткізе алса, сол алда. Бұл үрдіс әсіресе жастармен жұмыс істеу саласында айқын байқалады. Себебі бүгінгі жас буын – цифрлық кеңістікте дүниеге келіп, технологиямен бірге өсіп жатқан ұрпақ. Олар үшін ресми қағаздар мен салмақты баяндамалардан гөрі, қысқа да нұсқа, тартымды визуал мен интерактив контент әлдеқайда өтімді. Осындай жаңа дәуірдің талаптарына сай жұмыс істей білген Жастар саясаты басқармасы бүгінде медиасаясаты арқылы заманауи мемлекеттік басқарудың үздік үлгісін көрсетіп отыр.
Басқарма жұмысы жайлы бір ғана Instagram жазбасынан немесе TikTok видеосынан хабардар болып отырған жас үшін, басқарманың медиаконтенті –...