Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алакөлде қауіпсіздік – басты назарда

Алакөл – Абай облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның туристік әлеуеті жоғары аймақтарының бірі. Жаз мезгілінде мыңдаған демалушыларды баурап алатын көркем көл жағалауында биыл көптеген жаңашыл жобалар іске асып жатыр. Аймақ әкімдігі мен тиісті органдардың кешенді жұмыстары нәтижесінде туристердің қауіпсіз әрі жайлы демалуына жағдай жасау басты басымдықтардың біріне айналды.
Облыстық бюджеттен бөлінген 1,5 млрд теңгеден астам қаражат есебінен жағалаудағы инфрақұрылым жаңартылуда.

Арбат аймағында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, демалыс аймақтары мен сауда орындарын қамтитын кеңістік құрылуда. Жағалаудың санитарлық жағдайын жақсарту үшін 25 модульдік дәретхана, 35 киіну кабинасы, 50 қоқыс жәшігі, 86 бейнебақылау камерасы орнатылмақ.

Көл маңындағы жолдардың сапасы да назардан тыс қалған жоқ. Жалпы құны 1,09 млрд теңгеге жуық сомаға 21 шақырым жол жөнделіп жатыр. Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жобалық құжаттамасы дайындалуда.

Туристерге қолайлы көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы маусымда Алакөл бағытына авто, әуе және теміржол қатынастары ұйымдастырылады. "Scat" және "Оңтүстік аспан" әуекомпаниялары арқылы аптасына 19 рейске дейін ұшу жоспарлануда. Теміржол бағытында "Семей – Жалаңашкөл" пойызы, ал автокөлікпен 9 бағыт бойынша қатынас қамтамасыз етіледі.
Қауіпсіздік – басты назарда. Жағалауда арнайы оқытылған 10 құтқарушы, 7 мұнара, 7 пирс және буйлармен жабдықталған 5 шақырым жағалау шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, туристерге 45 полиция қызметкері және 14 медицина қызметкері көмек көрсетуге дайын.
Суреттер: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алакөл маңында "Qazaq Oil" жанармай бекетінің ашылуы – өңір тұрғындары мен қонақтарына көрсетілген тағы бір үлкен қолдау.
Алакөл – жайлы демалыс, қауіпсіз орта және заманауи инфрақұрылымның үйлесімді үлгісі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *