Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Берденов өзіне жасалған қастандықтан кейін партиядағы қызметінен кетті

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов Respublica партиясының тең төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпаратты партияның баспасөз қызметі растады. 2025 жылғы ақпанда Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғаны атап өтілді.

"Мемлекеттік қызмет туралы" заңның 10-бабы 5-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өз лауазымдық өкілетін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардан, қоғамдық және діни бірлестіктерден тәуелсіз және бейтарап болуға міндетті. Бүгінде Берденов Р.А. Respublica партиясының құрылымында қандай да бір басшылық лауазым атқармайды. Бұл ретте партия мүшесі ретінде қала береді", – деп мәлімдеді партия.

Бұған дейін Шымкент әкімдігі редакцияның ресми сауалына берген жауабында 2025 жылдың 11 маусымындағы жағдай бойынша Берденов қала әкімінің орынбасары қызметін атқарып жатқанын және денсаулығына байланысты демалысында екенін хабарлаған еді.

"Аталған жағдайға байланысты кадрлық немесе әкімшілік шешімдер қабылданған жоқ", – деп қосты әкімдік.

Берденовке жасалған шабуыл
Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.
Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *