Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Колледжге түсушілерге eGov арқылы құжаттарды тапсыру тәртібі өзгерді

eGov.kz порталында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау науқаны басталды. Өтініш беру жүйесіне жаңа функциялар мен сүзгілер қосылып, оқу орнын жылдам таңдауға, қателіктерді болдырмауға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Енді өтініш беру кезінде талапкер жатақхана немесе тегін тамақтану қажеттілігін бірден көрсете алады. Әскери қызметті шақыру бойынша толық өтеген азаматтар санатына жататындар растайтын құжатты тіркей алады", - делінген хабарламада.

Маңызды жаңашылдықтардың бірі – оқу орнын таңдау кезінде сүзгілеу механизмінің енгізілуі. Жүйе талапкер таңдаған параметрлерге сәйкес колледждердің тізімін автоматты түрде қалыптастырады: оқу аймағы, оқыту тілі, бағыт және мамандық бойынша. Оқыту тілі көрсетілгеннен кейін жүйеде тек сол тілде оқыту қарастырылған оқу орындары ғана көрсетіледі. Сондай-ақ, "Серпін" бағдарламасына қатысатын өңірлердегі ауыл мектептерінің түлектері үшін жеке сүзгі іске асырылған.
Әр талапкер өтінішті бір рет қана бере алады, бұл ретте төрт түрлі колледжге дейін, төрт мамандық таңдау мүмкіндігі бар. Құжаттардың жалпы көлемі 5 мегабайттан аспауы тиіс.
Өтініш беру үшін талапкерге:

eGov.kz порталында авторизациядан өту қажет;
"Білім" бөлімінен "Колледждер" санатын таңдау керек;
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" қызметін таңдау қажет;
барлық қажетті жолдарды толтырып, құжаттарды жүктеу керек;
қызметті қолжетімді әдістердің бірімен растау қажет;
қызмет нәтижесі пайдаланушының Жеке кабинетінде "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде қолжетімді болады.

Қызмет көрсету мерзімі – 3-5 жұмыс күніне дейін. Құжаттарды қабылдау кезең-кезеңімен жүргізіледі және оқу түрі мен білім беру бағдарламасына байланысты. Қабылдау шарттары, құжаттарды тапсыру мерзімдері мен талаптардың толық тізімімен eGov.kz порталында қызметтің паспортында танысуға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *