Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Су тасқыны қаупі: Қостанай облысында су бұру каналы салынады

Қостанай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар үшін Үкімет 1 миллиард теңге бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстар салу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қостанай облысының Қарасу ауданында бұрма канал құрылысына Үкімет резервінен 1 миллиард теңгекөлемінде қаржы бөлінді", - делінген хабарламада.

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

"2024 жылғы көктемгі су тасқыны салдарынан Қарасу ауданында бес көл: Тімтуір, Қойбағар, Алабота, Биесойған және Жаншора көлдері қосылып, жалпы ауданы 621 км2 болатын су басу аймағының қалыптасуына әкелді. Ұзындығы 38 шақырымды құрайтын электр желілерінің 234 тірегі су астында қалды, бұл ауданның ЭБЖ жалпы ұзындығының 15,5%-ын құрайды. Тіректер құлаған жағдайда 2 426 абонент (10 мыңға жуық тұрғын) және 114 ауыл шаруашылығы құрылымы электр қуатынсыз қалуы мүмкін".

Сонымен қатар бұл аймақта инфрақұрылымдық маңызды нысандар, оның ішінде, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар, байланыс желілері, егіс алқаптары мен жайылымдар орналасқан.

"Үкімет резервінен бөлінген қаражат жұмыстарды мерзімінде аяқтауға мүмкіндік береді, бұл жалпы топырақтың дренажын жақсартуға және су тасқынының қайталануына жол бермеуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *