Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Елдің табысты экономикасы - еңбек адамының қолында - Қошанов

Палата спикері Ерлан Қошанов бастаған Мәжіліс делегациясы Қарағанды облысының Нұра және Осакароваудандарына барды.
Нұра ауданында депутаттар Б.Әбдікәрімов атындағы көпсалалы колледжге барды. Оқу орны агроөнеркәсіп, құрылыс және өндіріс салаларына арналған он мамандық бойынша кадрлар даярлайды. Бүгінде мұнда шамамен 300 студент білім алуда.
Мәжіліс төрағасы педагогтерге Еңбек адамының рөлі мемлекет үшін маңызды екенін атап өтті.

"Президентіміз биылғы жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл бағытта колледждер мен училищелер елге қажетті мамандар даярлау ісінде ерекше рөл атқарады. Сіздер жас дәнекерлеушілерге, құрылысшылар мен тігіншілерге еңбекке деген шынайы құрметті, өз мамандығына деген сүйіспеншілікті және дұрыс моральдық құндылықтарды дарытып келесіздер. Мықты экономика мен елдің жарқын болашағы ұстаздардың қолында. Сондықтан мемлекет сіздерді толық қолдайды. Колледждерді дамытуға және мұғалімдердің еңбек жағдайын жақсартуға бар күшін салады", – деді Қошанов.


Депутаттар колледж студенттері мамандықтары бойынша тәжірибелік машық қалыптастыратын оқу шеберханаларының жұмысымен танысты. Мұнда дәнекерлеу ісі, құрылыс, автослесарь, тамақ және тігін өндірісі бойынша білім беріледі.

"Президентіміз биылғы жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл бағытта колледждер мен училищелер елге қажетті мамандар даярлау ісінде ерекше рөл атқарады. Сіздер жас дәнекерлеушілерге, құрылысшылар мен тігіншілерге еңбекке деген шынайы құрметті, өз мамандығына деген сүйіспеншілікті және дұрыс моральдық құндылықтарды дарытып келесіздер. Мықты экономика мен елдің жарқын болашағы ұстаздардың және еңбек адамдарының қолында. Сондықтан мемлекет сіздерді толық қолдайды. Колледждерді дамытуға және мұғалімдердің еңбек жағдайын жақсартуға бар күшін салады", – деді Қошанов.

Мәжіліс депутаттары биыл іске қосылған "МФ Рамадан" ЖШС сүт фермасының жұмысымен де танысты. Кәсіпорын 1100 голштин-фриз тұқымды сауын сиыр ұстауға арналған. Технологиялық тұрғыдан жаңа сауу жабдығының көмегімен ферма тәулігіне орта есеппен 27 тонна, жылына 10 мың тоннаға дейін сүт өндіруді жоспарланған.

Осакаров ауданында депутаттарға қуаттылығы 150 МВт болатын жел электр стансасының құрылысы таныстырылды. Мұнда жоспарланған 21 жел қондырғысының 9-ы іске қосылып, энергия өндіруде.

Делегация 2020 жылы толық қайта жаңғыртудан өткен "Жастар" балалар мен жасөспірімдер орталығына барды. Орталықта заманауи бағыттар бойынша 25 үйірме жұмыс істейді. Балалар IT, роботтехника, жасанды интеллект, музыка мен театр өнері, қолданбалы шығармашылық, тілдер және басқа да салалар бойынша білім алуда.
Осакаров ауданының жұртшылығымен кездесуде жергілікті өндірісті дамыту перспективалары талқыланды. Жуық арада өңірдесыйымдылығы 2500 тонна көкөніс сақтау қоймасы, 6000 бас малға арналған ірі сүт-тауар фермасы, жылына 45 миллион кірпіш шығаратын зауыт құрылысы және суармалы жерлердің аумағын айтарлықтай кеңейту ісі жоспарланып отыр.
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суреттер: Т.Таныбаев
Е.Қошанов аудандық мәслихат депутаттарын Мәжілістің заң шығару жұмысына белсенді қатысуға, Палатада қаралып жатқан заң жобаларына өз ұсыныстарын енгізуге шақырды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *