Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Балқаш көліндегі су деңгейі 32 сантиметрге көтерілді

2025 жылдың бірінші жартысында Балқаш көлінің деңгейі, Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге дейін, орта есеппен 32 сантиметрге көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бүгінге дейін Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 8,52 миллиард текше метр су жіберілген. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 8 миллиард текше метр болған.
Биыл Қапшағай су қоймасынан көлге жалпы көлемі 12 миллиард текше метр су жіберу жоспарланып отыр. Балқаштағы су көлемі негізінен трансшекаралық Іле өзеніне байланысты, ал оның ағысын Қапшағай су қоймасы реттеп отырады.
Қапшағай су қоймасының толық толуы
Биыл су қоймасы қатарынан екінші жыл 100 пайызға толды. Былтыр бұл нысан соңғы 10 жылда алғаш рет 100 пайызға толған. Қапшағай су қоймасының толуы Алматы облысындағы Ақдала мен Шеңгелді суармалы алқаптарын вегетациялық кезеңде сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Балқашты сақтау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық
Балқашты сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл Француз ғылыми консорциумымен бірлесіп ұйымдастырылған көл бассейнін зерттеу мақсатында ауқымды далалық экспедиция өткен.

"Француз сарапшыларымен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыс 2040 жылға дейінгі болжаммен Балқаш көлін сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлеуге бағытталған. Бұл – былтыр Францияның Даму агенттігі және Геологиялық және тау-кен зерттеулері бюросымен бірге қол қойған үшжақты келісім аясындағы жұмыс", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *