Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандық актер Қайрат Кемалов қайтыс болды

Қазақстандық әртіс Қайрат Кемаловтың қайтыс болғаны белгілі болды. Оның қазасы туралы Қарағанды облысының әкімі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ермағанбет Бөлекпаев Instagram-парақшасында марқұмды еске алып, жазба жариялады.

"69 жасқа қараған шағында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті актер Қайрат Кемалов өмірден өтті. Ол бүкіл саналы ғұмырын театр саласына арнады.
Қайрат Кемаловтың өнердегі мансабы Қарағандыда басталған еді. Оның өнердегі жетістіктері халықаралық дәрежеде жоғары бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды. Ол түрлі тарихи образдарды сомдауда актерлік шеберлігімен көріне білді", – деп жазды әкім.

Әкімнің айтуынша, Қайрат Кемалов өмірінде жүздеген рөлді сомдаған: классикалықтан қазіргі заманғы рөлдерге дейін.

"Ол шеберлігі, мамандыққа деген үлкен адалдығы арқасында отандық театр және кино тарихында терең із қалдырды.
Қайрат Кемаловтың жарқын бейнесі әріптестерінің, шәкірттері мен достарының, көрермендердің жүрегінде мәңгі қалады" – деді облыс әкімі.

Қайрат Кемалов – актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. inkaraganda.kz сайтының мәліметінше, ол 1957 жылы 8 қаңтарда Қарағанды облысындағы Ақтүбек ауылында дүниеге келген. Алматы, Қарағанды және Астана театрларында жұмыс істеген. 1995 жылдан бері Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актері болды. Оның жарқын жобаларының бірі – "Алтын тақ" (2019) фильмі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *