Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Мәселелер оң шешімін таппақ

Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытовтың халықпен есеп беру кездесуі Досбол ауылдық округі, Шағалалы ауылында жалғасты.

Кездесу барысында аудан басшысы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар жөнінде кеңінен баяндап, алдағы жоспарлар туралы тұрғындарға мәлімет берді. Сонымен қатар, ауылдық округтегі өзекті мәселелерге де тоқталып, ауылдың әлеуметтік- экономикалық дамуы үнемі бақылауда болатынын атап өтті.

– Ауданымыздың экономикалық көрсеткіштерін арттыруда ауылдардың, соның ішінде Досбол ауылдық округінің үлесі зор. Сондықтан ауылды қолдау бағытындағы шаралар тоқтамайды. Елді мекен орталықтандырылған газдандыру жүйесімен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта да жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады, – деді аудан әкімі өз сөзінде.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы игерілмей жатқан 13 000 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған болатын. Бүгінде 4 411 гектар (34%) жайылымдық жерді қайтару жұмысы аяқталды. Аудан бойынша жайылымдық жер жетіспеушілігі мәселесі толықтай шешіледі. Қайтарылған жердің 1 700 гектары Досбол елді мекеніне жайылымдық жер ретінде бекітіліп беріледі және аталған жер учаскесінен алдағы уақытта су ұңғымасын қазу жоспарлануда.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан жер мәселесі, ауылішілік жолдардың жағдайы, көше атауларын нақтылау және денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтар көтерілді. Аудан басшысы барлық мәселелерге қолданыстағы заңнама аясында нақты жауаптар беріп, тиісті органдар тарапынан шаралар қабылданатынын жеткізді.

Кездесу соңында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген бастамалар назарға алынды. Досболдықтар аудан әкімінің жұмысын оң бағалап, ауылдың дамуына бағытталған істерге қолдау білдірді.

Ашық диалог пен тұрғындармен тікелей байланыс – жергілікті басқару жүйесінің маңызды тетігі. Мұндай кездесулер нақты мәселелерді анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Сообщение Мәселелер оң шешімін таппақ появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *