Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұлттық банк теңгенің күрт әлсіреуін себебін түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің күрт әлсіреуін себебін түсіндірді. Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында, бір күн бұрынғы сауда нәтижесіндегі доллар бағамы (533,61 теңге) көрсетілген. Доллар бір күнде 6 теңгеге қымбаттады.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңгенің құлдырауын маусымдық факторлармен байланыстырды: импорттық операциялардың көбеюі, бюджет қаржысын белсене игеру, туристердің көбеюі, квазимемлекеттік сектор тарапынан ұсыныстың азаюы.

«Орташа есеппен, маусымнан бастап импорт көлемі жыл басынан бергі орташа айлық көрсеткіштен 25% көп. Осындай қарқын валюта биржасында да байқалады: орташа сауда көлемі 22%-ға көп» деді Әлия Молдабекова. Оның сөзін Tengrinews келтірді.

Дегенмен Ұлттық банк өкілі теңге бұл жолы «шамадан тыс» әлсіреп кеткенін айтып, оған алғышарт жоғын да атап өтті. Қажет болған жағдайда валюталық интервенция жасау ықтималдығын да жоққа шығармады.
Былтыр күзден бастап Қазақстанда инфляция өсіп, долларға шаққандағы теңге бағамы әлсіреп жатқаны байқалады. Теңге әлсіреп жатқан шақта Ұлттық банк валюта нарығында доллар сатып, интервенция жүргізген. Жақында Қазақстан Ұлттық банкі инфляция өсуіне және теңге әлсіреуіне байланысты базалық мөлшерлемені 16,5 пайыз шамасында сақтап қалды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *