Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда жұмыс уақытынан кейін жарықты сөндіру ұсынылды

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс істеу мәселесімен күресті күшейту жөнінде шешім қабылданды. Ұсынылған шаралардың қатарында жұмыс уақытынан кейін ғимараттағы жарықты өшіру және ескертусіз тексерістер жүргізу бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
СҚО Әдеп жөніндегі кеңесі өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс істеу жағдайына алаңдаушылық білдіріп отыр. Кеңес отырысында бірнеше басқарма басшылары тыңдалып, олар өз қызметкерлерін жұмыс уақытынан тыс жұмысқа тартпайтынын мәлімдеген.

"Алты жарымда барлығы ғимараттан шығады, ешкімді артық жұмыс істеуге мәжбүрлемейміз. Егер біреу жұмысынан кейін қалса немесе демалыс күндері жұмысқа шықса, ол тек бұйрық негізінде және тиісті қосымша төлеммен жүзеге асады", - деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайролла Ғалеев.

Алайда кеңес мүшелерінің кейбірі бұған сену қиын екенін айтады: "Сену қиын. Сіздің басқармада жұмыс көп қой..."
Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ержан Қарымсақов мемлекеттік қызметкер жұмыс уақытынан кейін қалатын болса, ол міндетті түрде заң аясында рәсімделуі керегін атап өтті.

"Иә, әкімдік тарапынан немесе әкімнің тапсырмасы шұғыл берілуі мүмкін, баяндамалар, есептер дайындалады. Мұның бәрін түсінеміз, бірақ бұл күнде бола бермейді ғой. Барлығы заң бойынша болуы керек: бұйрық шығады, белгілі бір сома төленеді. Ал "қажет" деген желеумен түнге дейін отырғызуға болмайды", - деді ол.

Жылдың алғашқы жартысында жүргізілген ішінара тексерістер ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, экономика, кәсіпкерлік және цифрлық технологиялар басқармаларында артық жұмыс істелгенді дәлелдейтін 37 дерек анықталған.

"Барлығы жұмыс орнында отырады. Бізге жұмыс орнында кешке дейін отыратыны жайлы хабарлар үнемі түсіп жатыр. Бұл бағытта жұмыс өте әлсіз жүргізіліп жатыр. Иә, әріптестерім барады, бірақ жеткіліксіз. Біз барлық мемлекеттік органда ауқымды рейд жүргіземіз. Өзім де жасырын барып, жұмыс орындарын аралаймын. Бір жерге екі-үш рет қатарынан, алдын ала ескертусіз кіреміз. Сонда ғана нақты жағдайды көре аламыз", - деді кеңес төрағасы Ержан Қарымсақов.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметтегі артық жұмыс істеу қалыпты жағдай сияқты қабылданып кеткен.

"Мен бұл мәселені көтерсем, жиналыстар өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, бәрі өзара "не айтып отырсыз?" дегендей күледі. Сосын түнге дейін жұмыс орнында қала береді. Ал біз барған кезде "Көлік күтіп отырмын", "Жұмысымды аяқтап жатырмын" деген сылтау айтады. Бірақ ол жұмыс істеп отырғаны анық қой. Біз "18:30 болды, белгі берілді. 15 минутта құжаттарды жинап, компьютерді өшіруге жеткілікті" дейміз. Ал олар жарықты 10-11-ге дейін жағып отырады. Мұның қашан реттелетіні белгісіз", - деп қынжылды кеңес төрағасы.

Кеңес мүшелері бұл мәселеге байланысты "жұмыс уақытынан кейін мемлекеттік мекемелерде жарықты өшіру қажет" деген ұсыныс айтты. Сонымен қатар, олар бір бейресми ережені еске салды - бастық жұмыс орнында отырса, демек қызметкерлер де отырады.

"Алайда бізге ешбір мемлекеттік қызметкер түсініктемесінде бастықтың кесірінен отырмын деп жазбайды. Керісінше "жұмыс, тапсырма" деп жауап береді. Ал басшыны көрсетпейді. Егер біреу нақты көрсетсе, біз ол басшыға қатысты "жұмыс тәртібін сақтамағаны" үшін материал дайындаймыз", - деп түйіндеді Ержан Қарымсақов.

Айта кетейік, бұған дейінгі СҚО Әдеп кеңесінде ауыл әкімі қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін қатаң сөгіс алған еді. Ол спартакиада қорытындысын дәмханада атап өткен соң, полиция патрулі оны ұстаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *