Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Прагадағы концертте әнші Патти Смит Азаттық радиосына қолдау білдірді

Америкалық әнші Патти Смит Чехия астанасы Прага қаласындағы концертте Азаттық радиосына қолдау білдірді. Бұл туралы "Настоящее Время" арнасы хабарлады.

Патти Смит People Have the Power ("Адамдарда қуат-күш бар") әнін шырқар алдында сәл кідіріс жасап, осы әнді Азат Еуропа / Азаттық радиосының президенті Стив Капус пен барша қызметкерлеріне арнайтынын айтты. Медиакорпорацияның бас штаб-пәтері Прага қаласында орналасқан.

Әнші АЕ/АР мен өзге де "қоғамдық институттардың" жұмысына жоғары баға беріп, "әлемнің әр түкпірінде тұратын адамдарға маңызды ақпарат" жеткізіп отырған ролін ерекше атап өтті.

Бұған қоса Смит Ақ үйдің қазіргі әкімшілігі Азаттық радиосын қаржыландыруды тоқтатуға тырысып жатқанына байланысты қынжылыс білдірді.

"Біз күресті жалғастыруымыз керек, бір-бірімізге көмектесуге тиіспіз", – деді Патти Смит.

АЕ/АР медиакорпорациясына АҚШ Конгресі бөлген мақсатты гранттар АҚШ-тың шетелде хабар тарататын медиаұйымдарының жұмысын үйлестіретін мемлекеттік мекеме – Ғаламдық медиа жөніндегі агенттік (USAGM) арқылы беріледі. Биыл көктемде президент Дональд Трамп әкімшілігі тағайындаған USAGM басшылығы Конгресс Азаттық радиосының жұмыс істеуіне деп бөлген қаржыны медиакорпорацияға аударуды тыйған. Шілде айында сот USAGM-ді АЕ/АР медиакорпорациясына биылға деп бөлінген қаржыны түгелдей аударуға міндеттеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *