Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Денис Теннің анасы бір көшеге ұлының есімін беру туралы ұсынысқа пікір білдірді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің анасы Алматыдағы бір көшеге ұлының есімін беру туралы ұсынысқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Алматы әкімдігі қаладағы жеті ауданда орналасқан 156 көшені қайта атау туралы ұсынысты мәслихаттың қарауына жіберген. Көшелерге мәдениет, ғылым және тарих саласындағы танымал тұлғалардың есімін беру жоспарланған. Бұл мәселе тұрғындар және мәслихат депутаттарымен талқыланып, кейін сессияда түпкілікті шешім қабылданбақ.
Осыған байланысты Алматыдағы Бостандық ауданында Архат шағынауданындағы 7-көшеге Денис Теннің есімі берілуі мүмкін.
Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында Денис Теннің анасы бұл жаңалықтың күтпегенін айтты.

"Меніңше, бұл бұрыннан жасалуы тиіс нәрсе еді, бірақ мен бұл жаңалыққа өте қуаныштымын. Енді олардың қандай шешім қабылдайтынын білгім келеді", – деп қысқаша жауап берді Оксана Тен.


Денис Тен мәңгі жүрегімізде
Денис Тен 1993 жылғы 13 маусымда Алматыда дүниеге келген. Денис мәнерлеп сырғанаудағы мансабын 1999 жылы бастап, 2006 жылы 12 жасында ересек спортшылармен күш сынасып, Қазақстан чемпионатын жеңіп алды.
Жасөспірімдер арасындағы Гран-приді (2008) жеңіп алған ол өз елінен Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) турнирінде медаль алған алғашқы конькиші атанды. Тен 16 жасында 2010 жылғы Олимпиадада Қазақстан атынан қатысып, ең жас ер қатысушы атанды.
Ол әлем чемпионаттарында екі рет медаль жеңіп алды: 2013 жылы күміс, ал екі жылдан кейін қола. Осы жетістіктер арасында Тен 2014 жылғы Олимпиадада үшінші орын алды. 2015 жылы Денис төрт құрлық чемпионатында алтын жеңіп алып, ISU чемпионатының алғашқы жеңімпазы атанды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *