Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Түркістан: Шардарадағы жағажай ретке келтіріліп, саяхатшыларға сапалы қызмет көрсетіліп жатыр

Шомылу маусымы басталғалы Түркістан облысына қарасты жағажай аумақтарында қауіпсіздік және тазалық шаралары күшейген. Шардарадағы жағажайда осыған дейін анықталған кемшіліктер бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп, демалушыларға қолайлы жағдай жасалды.

Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров "Шардара" су қоймасының жағалауында орналасқан бірқатар демалыс орындарын кезекті рет аралап, тазалығы пен қауіпсіздігін, өткен сапарда берілген тапсырмаларының орындалу барысын бақылады. Облыс басшысы жағажайларға жауапты тұлғалармен, кәсіпкерлермен жүздесіп, мұнда санитарлық тазалық шараларын күнделікті ұқыпты орындауды тапсырды.

"Тазалық пен қауіпсіздік – туризмді дамытудың бір тетігі. Демалушыларға, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасалуы керек. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады", – деді Нұралхан Көшеров.



"Шардарадағы жағажайлар ретке келтірілген. Мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізіліп, полиция қызметкерлері тарапынан қауіпсіздік талаптары қатаң қадағалануда. Тексеру барысында 409 сәкінің 171-і талапқа сай болмағандықтан алынып тасталды. Қалған 238 сәкі су жағасынан 50 метрге жылжытылды. Бүгінде мұнда 6 биоәжетхана, 160 қоқыс жәшігі, және 10 киінуге арналған кабина орнатылды. Тазалық жұмыстарына 11 техника, 80 жұмысшы жұмылдырылған.
Сонымен қатар жағалаулардың түбін тазалау жұмыстары атқарылды. Орман шаруашылығымен 5 келісімшарт тоқтатылды, полиция қызметкерлері тарапынан 196 құқықбұзушылық анықталып, жалпы 36 хаттама толтырылып, тиісті айыппұлдар салынды. 1 демалыс орнына тексеру жүргізіліп, талапты бұзғаны үшін сотқа материал жолданды. Кәсіпкерлер де заң шеңберінде жауапкершілікке тартылған", - деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жағажай аумағына 16 құтқарушы бекітіліп, қалқымалы қауіпсіздік белгілері орнатылған. Жалпы су қоймасының көлемі 5,2 млрд. текше метр. Ал ұзындығы 80 шақырымды құрайды.

Н.Көшеров жауаптыларға қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, демалушыларға қолайлы жағдай жасауды міндеттеді. Шомылу маусымын ойдағыдай атқаруды тапсырды.
Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, Түркістан облысына келуші саяхатшылар саны жыл сайын артып келеді. Биылғы 5 айда Түркістан өңіріндегі тарихи орындарға 424 мың адам саяхаттап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға артқан. Табиғи аумақтарға саяхаттаушылар саны 58 мыңға жуықтап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көбейген. "E-qonaq" жүйесіндегі деректерге сәйкес, биылғы 5 айда Түркістан облысына 18699 шетелдік турист келген. Бұл – өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 2 есе көп. Әсіресе, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Қытай, Қырғызстан елдерінен саяхатшылар көп келген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *