Астанада қазақстандық Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі бойынша сот аяқталуға жақын қалды. Оларға қайырымдылыққа деп жиналған үш жарым миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырған деген айып тағылған. Прокурор соттан Қайратқа 10 жыл, ал анасына 8 жыл түрме жазасын беруді сұраған. Екеуі де тағылған айыпты мойындаған жоқ. Сот отырыстарының бір бөлігі жабық өтіп жатыр. Азаттық Азия редакциясы осы іс бойынша негізгі деректерді жинақтады.