Қазақстандағы мектептердің 10 пайызы жеке сектордағы кәсіпкерлер ақшасына салынған. Олардың саны мемлекеттік қолдау беріле бастағаннан кейін күрт өсті. Әйткенмен биыл бұл процесс саябырсыған. Себебі Қазақстан үкіметі әрбір оқушыға жоспарланған субсидияны беру жүйесін өзгертті. Мамандар сонда да нарықта жекеменшік мектептерге сұраныс арта беретінін айтады.