Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бишімбаевтың інісінің жаза мерзімі қысқарды

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжановтың рақымшылық жасау туралы өтініші қанағаттандырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Степногорск қалалық соты "ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды қолданып, сотталған Б.-ның жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы ҚАЖ мекемесінің ұсынысын қарады.

"Сот 2024 жылғы 13 мамырда Б. ҚР ҚК 432-бабы бойынша төрт жылға сотталғанын анықтады. Сот сотталған Б.-ға қатысты ұсынысты мынадай негіздер бойынша қанағаттандырды: ҚР ҚК 78-бабының 2-бөлігіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін. "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға сәйкес негізгі жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі немесе мөлшері залал өтелген жағдайда не олар болмаған кезде ауыр қылмыстар бойынша үштен біріне қысқартылады", - деп жазылған сот хабарламасында.

Сот үкімімен Б.-дан өндіріп алынған мәжбүрлі төлем және іс жүргізу шығындары толық көлемде өтелген.
Сот қаулысымен Б.-ның жаза мерзімін қысқарту туралы ұсыныс қанағаттандырылды.
"ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға сәйкес жаза мерзімінің өтелмеген бөлігі қысқартылып, түпкілікті 1 жыл 4 ай 17 күнге бас бостандығынан айыру мерзімі белгіленді.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Байжанов биыл 9 шілдеде Степногорск аудандық сотына жүгінген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *