Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Жылама, бәрібір көмектесе алмаймыз“: Астанада жүкті әйел ауруханада баласынан айырылды

Әлеуметтік желіде Астана тұрғынының баласынан айырылғаны туралы оқиға кеңінен тарап жатыр. Жүкті әйел түсік тастау қаупімен ауруханаға жатқызылған. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдайға медицина қызметкерлерінің салғырттығы себеп болуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі бұл факті бойынша қызметтік тергеу басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Әлеуметтік желідегі жазбалардың бірінде қыздың ішінің төменгі тұсы ауырсып, қан кеткен соң ауруханаға жеткізілгені айтылады. Жазба авторының айтуынша, науқас дер кезінде қажетті көмек алмаған.

"Қыз түсік тастау қаупімен екі күн бұрын ауруханаға түсті. Бүгін жағдайы күрт нашарлап, қатты қан кетті. Дәрігерлерді шақырдым, бірдеңе жасауды өтіндім. Бірақ медбике "дәрігер нұсқауынсыз ештеңе істей алмаймын" деді. Ешкім нақты жауап бермейді. Қайда қоңырау шалсам да, еш нәтиже болмады. Ақыры түсік болды", – делінген жазбада.

Денсаулық сақтау министрлігі не дейді?
Tengrinews.kz тілшісі мән-жайды білу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласты. Ведомствоның мәліметінше, жүкті әйел №2 көпсалалы облыстық ауруханаға ішінің төменгі бөлігіндегі ауырсыну және аздаған қан кету шағымымен жеткізілген. Әйелге "жүктілік – 7 апта 5 күн. Түсік тастау қаупі" диагнозы қойылып, гинекология бөліміне жатқызылған.

"Дереу сақтап қалу үшін ем тағайындалды: күніне үш рет 200 миллиграммдық "Гинопрогест” капсуласы вагиналды түрде, күніне бір рет 2 мл "Этамзилат" препараты бұлшықетке салынды. 26 шілдеде акушерлік УДЗ жасалып, 6 апта 5 күнге сәйкес жүктілік барысы расталды", – деді министрлік өкілдері.

27 шілде күні сағат 20:15 шамасында ем қабылдап жатқанда өздігінен түсік болған. Әйелге көктамыр арқылы наркоз беріліп, жатыр қуысын тазалау (выскабливание) процедурасы жасалды.
28 шілдеде пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі бұл жағдай бойынша қызметтік тексеру бастады. Денсаулық сақтау министрлігі тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатынын, сондай-ақ пациентпен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда әйелдің автобус аялдамасында босанғаны туралы жазған едік. Анасы мен сәбиі дереу ауруханаға жеткізілген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *