Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Руслан Берденов сотқа мәжбүрлі түрде келетін болды

28 шілде күні Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты істің алдын ала тыңдауы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот отырысы барысында судья Әбінұр Қарабаев Руслан Берденовті 6 тамызға белгіленген негізгі сот процесіне міндетті түрде өзі келуге міндеттеді. Айта кетейік, алдын ала тыңдауға Руслан Берденовтің өзі қатыспаған. Оның өкілі сотқа қазіргі уақытта әкім орынбасарының ем алып жатқанын хабарлады.
Бұл іс бойынша күдікті ретінде Ернар Жиембай танылған. Ашық режимде өткен алдын ала тыңдау кезінде судья айыпталушының өз бейнесін түсіруге қарсы екенін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін сотқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіруге оқталу") бойынша Ж. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс түскен болатын.
Айыпталушының жұбайы – қазақстандық Луиза Алданова Instagram парақшасында оқиғаға қатысты пікір білдірген. Кейбір БАҚ деректеріне сүйенсек, күдікті бұған дейін "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-нің басшысы болған.
Еске салсақ, биыл 21 сәуірде Шымкент қалалық әкімдігінің ғимараты маңында Руслан Берденовке оқ атылған. Шенеунік жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Күдікті оқиға орнында ұсталған.
Оқиғадан кейін желіде қастандықтың себептеріне қатысты түрлі нұсқалар тарады. Соның бірі – оқиға тұрмыстық сипатта, қызғаныш секілді жеке себептерге байланысты болуы мүмкін деген болжам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *