Добавить новость
World News
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шавкат Рахмоновтың жұбайы жол апатына түсті: екі адам қаза тапты

Жамбыл облысында болған өліммен аяқталған жол апатынан екі адам көз жұмды, тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер – танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өңірлік полиция департаменті зардап шеккендердің аты-жөнін нақтыламағанымен, апат бойынша ресми мәлімет ұсынды:

"2025 жылдың 27 шілдесінде сағат 08:50-де республикалық маңызы бар Алматы – Екатеринбург автожолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі, Қарағанды облысы тарапынан Алматы қаласына бағыт алған, рөлге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Апат салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді", – делінген Жамбыл облысы ПД хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасына байланысты полиция ҚР ҚК "Көлік құралын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелуі" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Алайда полиция зардап шеккендердің аты-жөнін ресми түрде жарияламағанымен, Tengrinews.kz дереккөзіне сүйенсек, көлікте расында UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың жары отырған.
Желіде де апатқа қатысты мәліметтер тарап жатыр. Белгілі болғандай:
"Апат Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында болған. Гүлайым Рахмонова ұлы мен құрбыларымен бірге Қарағандыдан Алматыға келе жатқан. Алматы – Екатеринбург трассасының 296-шақырымында Toyota Land Cruiser жол апатына ұшыраған – жүргізуші рөлге ие бола алмаған. 39 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, тағы бір 35 жастағы әйел ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Рахмонова мен ұлы Шуға жеткізілген, жағдайы – орташа ауыр", – делінген әлеуметтік желідегі жазбаларда.
Спортшының командасы әзірге жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.
Шавкат Рахмонов кім?
30 жастағы қазақстандық спортшы – самбо мен MMA бойынша спорт шебері, аралас жекпе-жектен әлем чемпионы. 2014 жылдан бері кәсіби деңгейде өнер көрсетіп келеді.
2020 жылдың қазанынан бастап UFC-де Қазақстан атынан бақ сынап жүр. Ол – UFC-де чемпиондық жекпе-жекке жақындаған тұңғыш қазақстандық спортшы. Алайда Белал Мұхаммедпен жоспарланған жекпе-жек қарсыластың жарақатына байланысты өтпей қалған.
Рахмонов UFC-де жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соңғы рет ол Иэн Гэрримен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңімпаз атанды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *